Үндістанда маймыл шешегінен бір адам қайтыс болды

Үндістанда маймыл шешегіне шалдыққан ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

The Indian Express агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Триссур қаласының 22 жастағы тұрғыны БАӘ барған сапарынан соң жекеменшік ауруханад көз жұмған. Науқас шетелде жүргенде вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Бірақ ол елге оралған соң бірнеше күннен соң ғана ауырғаны туралы хабарлаған. 

Ол энцефалит симптомдарымен ауруханаға жатқызылды. Оның туыстары тест нәтижесін бізге одан кейін ғана көрсетті. Өлім дерегі бойынша тексеріс жүргізілетін болады, - деді Керала штатының денсаулық сақтау департаментіні ңбасшысы Вина Джордж. 

Науқастың жаназа рәсімі маймыл шешегінен қайтыс болғандардың хаттамасына сәйкес жүргізілген. Одан бөлек, онымен соңғы күндері байланысты болған адамдардың барлығы мамандардың бақылауына алынды. 

Үндістанда осымен аталған індетті төрт адам жұқтырған. 

Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегінбүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласына келген төтенше жағдай деп жариялаған болатын.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы