Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. Соңғы бір күнде 326 мыңнан астам адам вирус жұқтырып алған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Дерттен қайтыс болғандар қарасы да 4 мыңнан азаймай тұр. Дегенмен, билік қатаң карантиннің арқасында індет қатты өршіген Махараштра штатында жағдай тұрақталып келеді. Нью-Делиде де вирус жұқтырғандар қарасы 40 процентке азайған. Бірақ бүкіл ел аумағында ахуал жақсармай тұр. Ауруханаларда дәрі-дәрмекпен бірге вакцина да жетіспей жатыр.
Базарда адам қарасы көп. Қайда барсаң да тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтамайды. Бетперде тағуға немқұрайлы қарайды. Індет осындайдан өршімей ме? – дейді саудагер Нарендра Шривастава.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан – Беларусь матчы өтпейді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы