Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Бенгалия штатында коронавирус жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 10 мыңнан асқан. Үндістанның Батыс Бенгалия штатында коронавирустың жаңа мутациясы анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

B. 1.618 – SARS-CoV-2 ауруының жаңа түрі. Ол Үндістанда табылған және генетикалық сипаттамасы өзгеше, – деп жазылған геномика және интегративті биология институтының ресми мәлімдемесінде. 

Ескере кететін жайт, Батыс Бенгалияда коронавирус жұқтырғандар саны артуда.Соңғы тәулікте 10 мың науқас тіркелген. Мамандар жаңа мутацияның әлі де зерттеліп, оның қайтадан дертке шалдықтыратыны не шалдықтырмайтыны анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар B. 1.618 мутациясының Батыс Бенгалиядағы індеттің өршуіне қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.  

Соңғы мәлімет бойынша, Үндістанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 15,6 миллионнан асқан. Оның 183 мыңы аурудан қаза тапты. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы