Үндістанда коронавирустың үшінші толқыны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Раджастан штатының бас министрі Ашок Гелот коронавирустың үшінші толқынының басталғанын хабарлады. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Қазірдің өзінде 111 елде коронавирустың «дельта» шытамы тіркелген. Ұлыбританияда бір тәулікте сырқаттар саны 50 мың адамнан асып кетті. Көптеген мемлекеттерде жылдам өсуде. Үшінші толқын келген сияқты, - деп жазды ол.

Гелот Үндістан үкіметіне халықаралық рейстер санын әлі де шектей тұруға кеңес берді.

Маусым айында Үнді билігі сәуір айында қатаңдатылған карантин тәртібін жеңілдеткен еді. Қызметкерлерге жұмыс орнына оралуға рұқсат беріліп, қалалық метролар, зауыттар және құрылыс компаниялары өз жұмыстарын жанжандыра бастаған болатын.

Айта кетейік, биыл Үндістанда ақпан айынан бастап коронавирустың жаңа агрессивті штамы таралуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек , жалпы, індеттен көз жұмғандар саны 400 мың адамнан асқан . Ел өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы