Үндістанда коронавирус жұқтырғандар азая бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда халыққа вакцина егу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған медицина қызметкерлерінің үлесі зор. Олар таудан асып, көпірі жоқ өзендерді кешіп өтіп, шалғай ауылдарға жетті. Осының арқасында коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады. Соңғы 1 күнде 87 мың науқас анықталған. Сарапшылар «бұл кейінгі 2 айдағы ең төменгі көрсеткіш» деп отыр.
Өзендерден өту қиын, бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз. Дарияның суы көтерілгенде, ауыл тұрғындарынан көмек сұраймыз. Олар аянбайды, бірден қашырын әкеліп, өзеннен өткізеді, – дейді Раджури ауданы денсаулық сақтау департаментінің өкілі Шамшуддин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 1847 адам коронавирустан емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы