Үндістанда көлік өзенге құлап, 11 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген жол талғамайтын көлік Сарью өзеніне құлап, 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте кемінде 14 адам болған. Өзенге батып бара жатқан көлікті байқап қалған жергілікті тұрғындар дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабар берген. Құтқару жұмыстары кезінде қаза тапқандардың арасында балалар да болғаны анықталды.
Үндістан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Рандхир Джайсвалдың мәлімдеуінше, төрт адам аман қалған. Олар жеңіл жарақат алған, қазіргі уақытта зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы