Үндістанда қар көшкіні болып, 11 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан тауларында қар көшкіні болып, кем дегенде 11 адам опат болды.
Олардың арасында туристер де бар деп хабарлайды Lenta.ru.
Ауа райының қолайсыздығы мен қатты қар көшкінінің құрбандарына айналғандар туристер, жүк тасушылар мен гидтер делінген. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Әскери-әуе күштері теңіз деңгейінен 5 мыңнан асатын шақырым биіктіктегі Уттаракхандедегі Ламхага асуында ауқымды құтқару операциясын бастап кетті. 18 қазан күні саяхатшылар бағыттарын адасып кеткен. Қайтыс болғандардың денесі үлкен асудың бірінен табылыпты.
Іздеу жұмыстары аман қалған бірнеше гид жақын маңдағы ауданға келіп көмек сұраған соң басталған. Жергілікті билік өкілдерінің өтінішімен әскери тікұшақтар апат аймағына көмек көрсетуге жіберілген. Екі адам құтқарылып, ауруханаға жеткізіліпті. Тағы төрт адам іздестіріліп жатыр.