Үндістанда діни фестиваль кезінде 30 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Праяградж қаласында Кумбха Мела діни фестивалі кезінде адамдардың қақтығысынан 30-ға жуық үндістандық көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian басылымы қақтығыстың қажылар өзенде зиярат ету және шомылу рәсімі кезінде болғанын жазды.

Ал кейбір БАҚ қайтыс болғандардың саны 40 адамға жетті деп отыр. Сондай-ақ ондаған адам жарақат алған. Олардың кейбірі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Қажылардың қаза табуына байланысты елдің үкімет басшысы Нарендра Моди, сондай-ақ президент пен жоғары лауазымды шенеуніктер, оппозиция көшбасшылары мен ірі бизнес өкілдері көңіл айтуда.

Кумбха Мела – индуизм өкілдері қасиетті өзенге зиярат ету үшін жиналатын 12 жылда бір өтетін фестиваль. Биыл рәсім Ганга мен Ямуна өзендері тоғысқан арнадағы Праяградж қаласында өткен.

45 күн ішінде фестивальге 450 млн адам қатысады деп күтілуде.

Фестиваль тарихында келеңсіз оқиғалардың жиі кездеседі. Мәселен, 1954 жылы рәсім кезінде қақтығыстан 800-1000 адам қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы