Бүгiн 2026, 01:29 Фото: Rajesh Kumar Singh / AP Photo

Үндістанда дауыл мен нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 100-ден асты

Зардап шеккен тұрғындарға шұғыл медициналық және қаржылық көмек көрсетілуде.

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған дауыл мен қатты жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 104 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Economic Times басылымының хабарлауынша, табиғи апаттан 52 адам жарақат алған.

Соңғы екі күнде штатта 98 үй қирап, 130-дан астам мал қырылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жедел штаб құрылды.

Зардап шеккен тұрғындарға шұғыл медициналық және қаржылық көмек көрсетілуде.