Үндістанда бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, ең қуатты жер сілкінісі Ассам штатында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның магнитудасы 5,5 баллды құрап, эпицентрі Гувахати қаласынан (шамамен 899 мың тұрғыны бар) 65 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 29 шақырым тереңдікте болған.

Кейінірек осы өңірде магнитудасы 3,1 және 2,9 болатын афтершоктар тіркелді. Олардың эпицентрі Дхекиаджули қаласының маңында, шамамен 5 шақырым тереңдікте анықталды.

Сонымен қатар, магнитудасы 2,7 баллдық жер сілкінісі Карнатака штатында, Гангавати қаласынан 69 шақырым солтүстікте болды. Ол 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар жер асты дүмпулерін сезіп, көпшілігі үрейленіп үйлерінен жүгіріп шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: National Center for Seismology
Өзгелердің жаңалығы