Үндістанда әйелі күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген

Үндістанның Карнатака штатында Сумангала есімді әйел көңілдесімен бірігіп, күйеуін өлтірген. Бұл туралы NDTV басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел 50 жастағы күйеуі Шанкарамуртиге Нагаражу есімді ер адаммен көзіне шөп салған. Ол күйеуі бақытты өмір сүруіне кедергі жасап жатыр деп ойлап, одан құтылуға шешім қабылдаған.

Қанды оқиға ер адам үйде жалғыз қалған сәтте орын алған. Сумангала күйеуінің көзіне ұнтақталған чили бұрышын лақтырып, кейін таяқпен ұрып-соғып, соңынан қылқындырған. Қылмыстан соң олар марқұмның денесін сөмкеге салып, 30 шақырым жердегі фермаға апарып, оны құдыққа лақтырып жіберген.

Тергеу барысы

Қылмыстан кейін Сумангала күйеуінің жоғалып кеткенін айтып, полицияға арыз берген. Алайда тергеу кезінде тәртіп сақшылары марқұмның төсегінен чили ұнтағының іздерін тауып, әйелді күдікке іліктірген. Кейін телефон жазбаларын зерттеу барысында оның көңілдесімен жазысқан хаттары анықталды.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қандай жаза тағайындалатыны әлі белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: NDTV
Өзгелердің жаңалығы