Бүгiн 2026, 13:47
Фото: Report
Үндістанда автобус шатқалға құлап, тоғыз адам қаза тапты
Тағы төрт адам түрлі жарақат алған.
Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатындағы Валпарай жоталарында туристер мінген микроавтобус таулы серпантин жолдан шатқалға құлап, салдарынан тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ ANI агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, көлікте 13 турист болған. Ирек таулы жолмен төмен түсіп келе жатқан кезде жүргізуші көлікті басқара алмай қалған, соның салдарынан автобус шатқалға құлаған.
Оқиға салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы төртеуі әртүрлі жарақат алған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге жедел қызметтер жұмылдырылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.