Үндістанда әуеде ұшақ өртенді

Үндістандық Air India әуе компаниясына тиесілі ұшақ қозғалтқыштың жануы салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымы таратқан дерекке сәйкес, оқиға Бангалор қаласынан Кочиге рейс барысында орын алды. Әуеге көтерілген соң арада бірнеше минут өткенде ұшақтың қозғалтқышынан өрт шыққан. Айта кетерлігі, әуе кемесінің бортында 179 жолаушы мен алты эпикаж мүшесі болған.

Экипаж дереу төтенше жағдай жариялап, Бангалор әуежайына кері қайту туралы шешім қабылдады.

Ұшақ сәтті қонған соң жолаушылар эвакуацияланып, өрт сөндірілді.

Air India компаниясы өрттің себептерін анықтау үшін тиісті тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы