Үндістанда 50 градусқа дейін аптап ыстық болды

Үндістан астанасы Делиде соңғы уақыттағы ең жоғары рекордтық температура тіркеліп, сынап бағанасы 49,9 градусқа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Business Standard басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Үндістан метеорологиялық департаменті елдің Мунгешпур және Нарела аудандарында 49,9 градус ыстық тіркелді. Бұл қалыпты жағдайдан 9 градусқа жоғары. Наджафгархта да термометр бағанасы Цельсий бойынша 49,8 градус ыстықты көрсеткен.

Соңғы 100 жылда Делиде тіркелген ең жоғары температура 49,2 градус болған және ол 2022 жылы 15-16 мамырда орын алған.

Осыған байланысты тұрғындарға күн өту және ыстыққа байланысты аурулардың пайда болу ықтималдылығы жоғары екендігі ескертілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: business-standard.com
Өзгелердің жаңалығы