Үндістан Ресей мұнайынан бас тартып, АҚШ-пен сауда келісіміне дайындалуда
Үндістанның мұнай өңдеуші компаниялары сәуір айында ресейлік мұнай жеткізілімінен бас тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Reuters-тің жазуынша, Indian Oil, Bharat Petroleum және Reliance Industries наурыз–сәуір айларында ресейлік мұнай сатып алу ұсыныстарын қабылдамайды. Басқа өңдеу компанияларының көпшілігі де ресейлік мұнайдан бас тартқан.
Үндістан Сыртқы істер министрлігінің өкілі мұны елдің энергетикалық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес түсіндірді: энергия көздерін әртараптандыру – басты мақсат.
Бұл шешім АҚШ-пен жасалуы жоспарланған сауда келісімімен байланысты. Мәміле наурыз айына дейін аяқталуы мүмкін және сауда баждарын төмендету, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістаннан экспортқа 25% кедендік бажды алып тастаған болатын, бұл Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатуымен байланысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хромтауда жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімі ашылды
Өзгелердің жаңалығы