Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге визасыз режим енгізді

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шешім бірден күшіне енеді. Ол екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға және туристік алмасуды дамытуға бағытталған. Жаңа тәртіп тек туристік визаларға ғана емес, сондай-ақ медициналық визаларға және емделушіні алып жүруге арналған визаларға да қатысты.

ҚР СІМ мәліметінше, Үндістан азаматтары Қазақстанға бұған дейін де 14 күнге визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтарға Үндістанға бару үшін одан да тиімді жағдай жасалды.

Бұған дейін Қазақстанның шамамен 40 азаматы Үндістаннан екі тәулік бойы ұшып шыға алмағаны хабарланған еді. Қазақстандықтар IndiGo әуе компаниясының Пхукет - Мумбаи - Алматы бағыты бойынша рейсімен ұшуы тиіс болған, алайда түйіспелі рейстердің тоқтатылуына байланысты әуежайда қалып қойған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы