Үндістан президенті мінген тікұшақ әлі қатпаған бетонға жабысып қалды
Президенттің бағыты ауа райының нашарлауына байланысты шұғыл түрде өзгертілді, бірақ тікұшақ алаңы жөндеуден кейін әлі қатып үлгермеген бетонға жабысып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Hindu газетіне сілтеме жасап.
Үндістан президенті Драупади Мурму мінген тікұшақ Кералаға қону кезінде дымқыл бетонға кептеліп қалды.
Тікұшақ бастапқыда Нилаккалға қонады деп жоспарланған, бірақ ауа райының қолайсыздығы соңғы минутта бағытты өзгертуге мәжбүр етті. Шенеуніктер тікұшақ алаңының президент келуіне бірнеше сағат қалғанда ғана дайын болғанын, ауа райының ылғалды болуына байланысты бетонның әлі толық қатып үлгермегенін түсіндірді.
Президенттің жарақат алмағаны және штаттағы сапарын көлікпен жалғастырғандығы хабарланды. Оқиға орнына жеткен полиция мен өрт сөндірушілер тікұшақты босатуға әрекеттенді.
Президенттік хаттамалық кеңсе Керала штатының үкіметімен бірге оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цифрлық қорған: банк пен финтех ел экономикасын интернет-алаяқтардан қалай сақтап отыр
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы