Үндістан Пәкістанға соққы жасау себебін түсіндірді

Үндістан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Викрам Мисридің мәлімдеуінше, Үндістан Пәкістан аумағынан жаңа лаңкестік шабуылдардың жоспарланып жатқаны туралы барлау мәліметтеріне ие болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Үндістан «Синдур» операциясын жүргізіп, бұл шабуылдардың алдын алу құқығын пайдаланған.

Үндістан Сыртқы істер министрлігі Пәкістан өз аумағындағы лаңкестік инфрақұрылымға қарсы ешқандай нақты шара қабылдамағанын айтып, бұл елдің жаһандық лаңкестер үшін қауіпсіз мекенге айналғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Үндістан 22 сәуір күні Пахалгамда болған терактіні ұйымдастырғандар мен орындаушылардың әділ жазалануын қажет деп есептейтінін атап өтті.

Терактіден бері екі апта өтсе де, Пәкістан өз аумағында немесе бақылауындағы аймақта лаңкестікке қарсы күрес бойынша ешқандай нақты қадам жасаған жоқ. Керісінше, тек терістеу мен кінә тағумен шектелуде, — деді Мисри.

Үндістандық дипломаттың айтуынша, Пәкістан — бүкіл әлемдегі лаңкестер үшін «жұмақ» саналатын мемлекет, онда халықаралық іздеуде жүрген террористер жазасыз еркін жүр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Getty images
Өзгелердің жаңалығы