Үндістан мобильді интернетті тұтыну бойынша әлемдік көшбасшы атанды

Үндістан тұрғындары бір пайдаланушыға орташа есеппен 36 ГБ деректер жұмсап, мобильді интернет-трафик көлемі бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш АҚШ, Қытай және Батыс Еуропа елдерінен айтарлықтай жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Сұраныстың өсуі арзан смартфондардың қолжетімділігі мен төмен интернет тарифтерімен байланысты. 2025 жылы Үндістанда мобильді интернет қолданушыларының саны 900 миллионнан асты, ал 2031 жылға қарай миллиардқа жетеді деп болжануда. Пайдаланушылар ай сайынғы интернет тұтынуды 65 ГБ-қа дейін арттыра алады.

Үндістанда 98% пайдаланушы ана тілдеріндегі мазмұнға қол жеткізе алады, жартысына жуығы әйелдер. Белсенді абоненттердің 90%-дан астамы жасанды интеллект қосымшаларын қолданады, бұл деректерді тұтынуды одан әрі арттырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы