Үндістан IPO көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты

2025 жылдың алғашқы жартысында Үндістан бастапқы жария орналастыру (IPO) көлемі бойынша әлем елдері арасында екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елде IPO арқылы тартылған қаражат көлемі 6,7 миллиард долларға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (5,4 млрд доллар) айтарлықтай жоғары. Осылайша Үндістан АҚШ-тан кейінгі ең ірі IPO нарығына айналды.

Сарапшылар мұны пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуімен және бөлшек инвесторлардың пай қорларына белсенді инвестициясымен байланыстырып отыр. Үкімет тарапынан берілген салықтық жеңілдіктер де нарыққа оң әсер етуде.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди жуырда жасаған мәлімдемесінде елдің әлемдегі үшінші ірі экономика мәртебесіне жақындап келе жатқанын айтып, өндірістік сектордың дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы