Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озады

Сәуірдің екінші жартысында Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озып, ең тығыз қоныстанған мемлекет атанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріккен Ұлттар ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Қазір Үнді жерінде 1,4 млрд адам өмір сүреді. 2011 жылғы санақ кезінде 1,2 млрд болатын. 

Ал Қытай қазір елеулі демографиялық мәселеге тап болып отыр. 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдары енгізілген «бір отбасы – бір бала» саясатының аяғы осындай мәселеге әкеліп соқты. Қытай халқы былтыр 850 мың адамға азайған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы