Үндістан астанасында қара зең вирусы 200-ге жуық адамнан анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық мамандарға инфекциямен күреске қажетті дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Науқастар мемлекеттік және жеке клиникаларда емделуде, деп хабарлайды 24.kz.
Үндістанның Нью-Дели қаласында 200-дей адам мукоромикоз індетіне шалдықты. Осы ауру түрі қара зең деген атауымен де кеңінен танымал.
Бұл туралы Дели округінің денсаулық сақтау министрі Сатьендар Джайн баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Қалада 197 адам қара зең ауруына шалдықты. Бұдан бұрын бұл індетке бір жылда 30-50 адам ғана шалдығатын. Қазір бұл сан әлдеқайда өсіп кетті. 8-10 жекеменшік клиника мен үш мемлекеттік аурухана қара зеңге шалдыққан науқастарды емдеп жатыр, – деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде жаңа жағажай ашылады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы