Үндістан 27 наурыздан бастап халықаралық әуе қатынасын толық қалпына келтіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан 27 наурыздан бастап барлық халықаралық рейсті толық қалпына келтіреді. Бұл азаматтық авиация министрі Джйотирадитья Шиндия Парламенттің жоғарғы палатасындағы отырыста айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Барлық тұрақты халықаралық рейс орындалады, өйткені Үндістандағы коронавирус жағдайы жақсарды, - деді Шиндия.
Пандемия салдарынан оқшаулау режиміне байланысты елдегі ішкі және халықаралық әуе қатынасы 2020 жылғы наурыздың соңынан бастап тоқтатылды. Шілденің ортасында Авиация министрлігі «әуе көпіршіктері» бағдарламасын, яғни екі ел арасындағы рейстерді іске қосуды мақұлдады. Бұл әуекомпанияларға таңдалған қалалар арасында келісілген рейстер жасауға мүмкіндік берді. Осындай келісімдер 28 мемлекетпен жасалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада шаңғы жарысынан қалалық ашық чемпионат өтті
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы