Үнді саясаткері үшінші рет үкімет басшысы тағына отырды

Үндістандағы парламент сайлауында жеңіске жеткен "Ұлттық демократиялық альянс" партиясының көшбасшысы Нарендра Моди үшінші рет елдің премьері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы ант қабылдағандығы туралы әлеуметтік желіде жариялады.

Мен үшін Бхаратаға қызмет ету – үлкен абырой. Ант қабылдау рәсімін тамашалаңыздар, - деп жазды ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Ант қабылдау рәсімі өткен президент сарайы орналасқан ауданда тәртіпсіздіктің орын алуын болдырмас үшін 2,5 мың әскери қызметкер, сондай-ақ дрондар тартылған.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш білдіргені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bbc.com
Өзгелердің жаңалығы