Үнді мұхитында маржан рифтері жойылып кетуі мүмкін

Бұл туралы ақпаратты британиялық Плимут университетінің ғалымдары жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жаһандық жылыну салдарынан теңіздегі тепе-теңдік бұзылып, бағалы рифтер түсін өзгертіп жатыр. Себебі мұхиттағы температура жоғарылап барады. 

Экожүйедегі өзгерістер, әсіресе, 90 метр тереңдікте анық байқалады. Айта кетерлігі, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 10 жылдан астам уақытқа созылды. Маржанның зақымдануы алғаш 2019 жылы байқалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы