Үнді магнаты Миттал Ұлыбританиядағы салық реформасына байланысты елден кетті

Үнді магнаты Лакшми Миттал Ұлыбритания үкіметі енгізген жаңа салық саясатына байланысты елден кетіп, Швейцарияның салық резиденті атанды. Бұл туралы The Times басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның мәліметінше, Митталдың елден кетуіне табыс салығы емес, мұрагерлік салығы себеп болған. Бұған дейін Ұлыбританияда «үй емес» (non-dom) мәртебесі бар ауқатты азаматтар тек ел аумағында тапқан табысынан ғана салық төлейтін. Енді бұл жеңілдік жойылды.

2008 жылы байлығы 27,7 млрд фунт стерлинг деп бағаланып, бірнеше рет «Ұлыбританияның ең бай адамдары» тізімін басқарған Миттал қазір көбіне Дубайда уақыт өткізеді. Дубай мен Швейцарияда мұрагерлік салығы жоқ немесе өте төмен, бұл ауқатты тұлғалар үшін тартымды жағдай болып отыр.

The Times атап өткендей, жаңа ережелерге байланысты көптеген бай британдықтар елден кетуді қарастырып жатыр. Бұған дейін Arton Capital зерттеуі миллионерлердің 60%-ы байлық салығы енгізілсе, Ұлыбританияны тастауға дайын екенін көрсеткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Global Look Press/IMAGO/Philip Reynaers
Өзгелердің жаңалығы