Үнді биі мен музыкасы: Астанада Үндістан мәдениеті күндері өтеді
Астананың Арбат көшесі тамыздың ортасында үнді әуендері мен дәміне бөленбек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен Свами Вивекананда мәдени орталығы 15-17 тамыз аралығында Үндістан мәдениеті күндерін өткізеді.
Мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі-түсті ұлттық киімдер көрмесі, хнамен сурет салу, үнді асханасының жәрмеңкесі және Катхак биі мен Табла, Сантур сынды дәстүрлі аспаптарда орындалатын әуендер күтеді. Сондай-ақ, әйгілі "Taare Zameen Par", "Jolly LLB" және "3 Idiots" фильмдері көрсетіледі.
Бұл іс-шара Үндістанның 79-шы Тәуелсіздік күніне орайластырылып, Астанада өткен ресми мерекелік қабылдаудан кейін ұйымдастырылып отыр. Елші Я.К. Сайлас Тангал мырза Қазақстан мен Үндістан арасындағы достықтың нығая түсуін атап өтіп, қазақстандықтарды үнді мәдениетінің әсем бояуларын бірге тамашалауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы