Ұн неге қымбаттады: Вице-министр жауап бере алмады

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елімізде ұн бағасының неге қымбаттағанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер Өзбекстанға ұн экспорттайтын Қазақстанда ұн мен нан өнімдерінің бағасы көршімізден неге қымбат екендігіне жауап бере алмады.

Айтуынша, бұл – өзі жетекшілік етпейтін ішкі сауда мәселесі.

Сіз ішкі саудаға қатысты сұрақ қойып тұрсыз. Бізде нарықтық экономика, ұнның барлық экспорттаушы-өндірушілері өнімді экспорттау немесе елдің ішінде сату туралы шешімді өздігінен қабылдайды. Сұрағыңызға жазбаша жауап берейік, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ еліміздегі нан бағасы өзінің 47%-дан астам бидайын экспорттайтын Өзбекстанмен салыстырғанда неліктен 100 теңгеге қымбат екендігін айта алмады.

Бұл жерде электр энергиясы, салық және өзге де шығындарды есептеу керек. Өзбек наубайханалары мен қазақстандық наубайханаларының шығындарын қараған жөн. Екінші мәселе – бірдей затты салыстыру. Яғни Қазақстандағы нан сапасы жағынан қандай, Өзбекстандағы қандай? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі. Бізге нақты статистиканы көрсетіңіз, қай жерде қандай нан қанша тұрады. Салыстырып көрейік, - деді Қайрат Төребаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін кей аймақтарда ұн бағасы 50%-ға дейін қымбаттағаны айтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы