Үміткер Салтанат Тұрсынбекова Түркістанға барды

Түркістан облысы бойынша Президенттікке үміткер Тұрсынбекова Салтанаттың облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Ақбаян Төлбасықызының айтуынша, қазірге дейін аталған аймақтағы он бес ауданда 15 билборд орнатылған және барлық аудандарда он ерікті жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды аймақтағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше Президенттікке үміткер Салтанат Пархатқызы жуырда Түркістан облысындағы сайлаушыларымен кездесуге келген. Ең алдымен облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу үшін «Шапағат» қоғамдастығына қарасты «Ғиззат» орталығына кіріп шықты.

«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің ережесіне орай жергілікті әртүрлі бизнес нысандарына, аудан орталықтары мен ауылдық округтерге 2750 плакат ілінді. Үгіт жүргізу барысында 2400 парақша таратылды», - штаб жетекшісі Ақбаян Төлбасықызы.

Тұрсынбекова орталықтың тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс пен тілектерін тыңдаған. Ресми деректерге жүгінсек, елімізде 700 мыңдай мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Үміткер мүгедектерді өздерін қоғамнан тыс, қажетсіз сезінбесі үшін оларға барынша қамқорлық таныту керек деп атап өтті.

«Біздің қоғамда әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін мына әлемге керегім жоқ деген ойда болмауы тиіс. Елімізде осындай орталықтардың көп болғаны абзал. Өкінішке қарай, мүгедек бала асырап отырған аналарға небары 52 мың теңге ғана бөлінеді, бұл әрине жеткіліксіз», - деді ол.

Сонымен қатар, осы кездесуде үміткер сайлаушыларының құқын заң тұрғысында қорғау мәселесін де қозғады. Айталық, мүгедектерге арналған пандус тек ірі мегаполистерде ғана шешілгенін, ал орталықтарда ескеріле бермейтінін айта кетті. Оған қоса, көзі нашар көретін, нашар еститін азаматтар үшін де қала орталықтарында, аудандарда ешқандай жағдай жасалмағанын, мейірім мен көмекке мұқтаж жандардың тілегін ескермеу қылмыспен тең екендігіне де тоқталып өткен.


Штаб жетекшісі Ақбаян Төлбасықызы үміткер Тұрсынбекованың Түркістанға келген сайлауалды ісспарында қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» да барып, зейнеткерлерімен кездескенін айтты.
Айта кетейік, республикада екі миллионнан астам зейнеткер бар. Ол сайлаушыларымен кездесуде зейнеткерлерге өзінің мақсатын нақты түсіндіре кеткен.

«Менің мақсатым – зейнеткер жасындағы азаматтарды шетелдегідей сияқты жағдайға жеткізу яғни олардың саяхаттауына, сапалы ем алуына жағдай жасау. Мен де алаңсыз қартайғым келеді, себебі қарттық шақ қауіпсіз болуы керек деп есептеймін», - деді үміткер Тұрсынбекова.

Үміткердің сайлауалды кездесуі мұнымен шектелген жоқ. Ол осы жүздесулерден кейін мыңнан астам жұмысшысы бар Кентау трансформатор зауытына да арнайы барып қайтты.

Ол сайлаушыларымен кездесуде зейнеткерлерге өзінің мақсатын нақты түсіндіре кеткен.

«Менің мақсатым – зейнеткер жасындағы азаматтарды шетелдегідей сияқты жағдайға жеткізу яғни олардың саяхаттауына, сапалы ем алуына жағдай жасау. Мен де алаңсыз қартайғым келеді, себебі қарттық шақ қауіпсіз болуы керек деп есептеймін», - деді үміткер Тұрсынбекова.

Үміткердің сайлауалды кездесуі мұнымен шектелген жоқ. Ол осы жүздесулерден кейін мыңнан астам жұмысшысы бар Кентау трансформатор зауытына да арнайы барып қайтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы