Үміт үзуге болмайды. Министр іздестіріліп жатқан кеншілер туралы айтты

Іздестіріліп жатқан кеншілерді тірі табу мүмкіндігі өте төмен. Бірақ үмітті үзуге болмайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Костенко атындағы шахтада 13 кенші іздестіріліп жатыр. Брифингке қатысқан журналистер спикерлерден іздестіріліп жатқан кеншілерді тірі тауып алу мүмкіндігі жайлы сұрады.

«Самоспасатель» 1 сағаттан артық уақытқа жетпейді. Сол себепті мүмкіндігіміз өте төмен. Бірақ біз үмітімізді үзбейміз. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тау-кен құтқарушылар жұмысты тоқтатпай, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үміт үзуге болмайды, - деді министр брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы