«Үміт сөнбесін»: Қазақстанда донорға мұқтаж 342 адам көз жұмды
2025 жылы Қазақстанда донорға мұқтаж 342 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылы өмірлік маңызды ағзаларды транспланттауда 68 ота сәтті жүргізілді. Бір жылдың ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізілді, бұл өмірлік маңызды ағзаларды 68 трансплантаттауға мүмкіндік берді. Бұл ретте 184 әлеуетті донор анықталды, жүйе жұмыс істейді, бірақ қоғамның сенімі мен хабардарлығы мәселесі шешуші болып қала береді. Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы