Ұлытауда жоғалып кеткен шопандар аман-есен табылды
10 қаңтарға қараған түні құтқарушылар алдыңғы күні таңертең жоғалып кеткен екі шопанды аман-есен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖД мәліметінше, шопандар 9 қаңтар күні таңертең мал жаюға шығып оралмаған.
9 қаңтарда сағат 22:53-те Ұлытау ауданы Сарлық ауылынан 25 км қашықтықта Ұлытау облысының ТЖ және полиция департаменттерінің, жергілікті тұрғындарының күштерімен барлығы 4 адам және 1 бірлік техника 1969 жылы туған екі шопанды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздеу нәтижесінде 10 қаңтар түнгі сағат 01-43-те іздеу тобы жоғалып кеткендерді 5 км радиуста «Сарыбұлақ» қыстағынан тапты.
Зардап шеккендер жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайлық тірі қалу үшін патрульдік көлікке әдейі соғылған
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы