Ұлытауда жер телімдерінен 5 млн теңгеге жуық айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылға Ұлытау облысы бойынша ауданы 170 000 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 46227 га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және облыс аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексерулерді тұрақты жүргізеді.

Нәтижесінде мемлекет жерін өз бетінше иеленіп алған 31 бұзушыға нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабына сәйкес жалпы сомасы 4 652 075 млн теңге айыппұлдар салынып, мемлекет пайдасына өндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті
Өзгелердің жаңалығы