Ұлытауда құрғақ шөп өртеніп жатыр

Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.

Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылуда. Елді мекенге қауіп-қатер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы