24 Сәуір 2025 2025, 20:20 Фото: - Архив

Ұлытауда қайтарылған активтерге нысандар салынып жатыр

Ұлытау облысында қайтарылған активтерге нысандар салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ

Ұлытау облысында қайтарылған активтерге нысандар салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару елдің әділдігі мен дамуына жасалған маңызды қадам, - екенін атап өткен болатын Қазақстан Республикасының Президенті.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мемлекетке қомақты қаражатты, оның ішінде шетелден де қайтарды.

Арнайы қордың арқасында Ұлытау облысына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл қаражат биыл пайдалануға берілуі жоспарланған 11 маңызды нысанның құрылысына бағытталды.