22 Қаңтар 2025 2025, 08:10 Фото: -архив

Ұлытауда қар құрсауынан үш адам құтқарылды

Ұлытау облысында қар құрсауынан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында қар құрсауынан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде Жаңаарқа ауданының аттас ауылынана 3 км жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ қызметкерлері автокөліктен жақын жылыту пунктіне үш адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.