28 Қаңтар 2025 2025, 05:20 Фото: -архив

Ұлытауда бес адам құтқарылды

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері бес адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері бес адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ұлытау ауданы Сарлық ауылынан 30 шақырым жерде 2 жүк көлігі балшықта тұрып қалып, өздігінен шыға алмаған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар вахтаның көмегімен жақын маңдағы елді мекенге 5 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмек мұқтаж емес, - делінген хабарламада. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.