19 Ақпан 2024 2024, 11:10
Фото: - архив
Ұлытауда 3 жетім баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
Ұлытау облысында асыранды балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысында асыранды балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, асыранды балалар 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған.
Бір отбасынан шыққан үш бала 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Кеше жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ұлытауда балаларды құлға айналдырған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды Динара Зәкиева.