Ұлытауда 2 мың гектар аумақты шарпыған өрт оқшауланды

Ұлытау облысында өртенген құрғақ шөптің жануы оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, Жаңаарқа ауданынан 34 шақырым жерде Шалғия ауылдық округінде құрғақ шөп өртеніп жатыр. 

Алдын ала өрт аумағы 2000 гектарды құрайды. Өрт сағат 11:04-те оқшауланды. Өртті сөндіруге Ұлытау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы