"Ulytau Zhastary" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының жас мамандарын кредиттеуге келесі қызмет салалары қатыса алады:

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ЖОО қызметкерлері, әлеуметтік сала.

"Ulytau zhastary" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс;

Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;

Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі-зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлей отырып, кемінде үздіксіз соңғы 1 жыл;

Бағдарламаға қатысушы Ұлытау облысында кемінде соңғы 1 жыл үздіксіз тұрақты тіркелуінің болуы;

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Ең көп балл жинағандар (некеде тұрған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс өтілі және т.б.) қатысушының несие төлеу қабілеттілігін айқындау үшін "Отбасы банк" АҚ-ға жіберіледі. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады.

Өтінімдер 2023 жылдың 9-16 тамыз аралығында (жұмыс күндері) сағат 15.00-18.00 аралығында қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы