Ұлытау полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тапты
Ұлытау облысының полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған жеткіншекті тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, 1 наурыз күні Жезқазған қаласының ПБ кезекші бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінген.
Оның жасөспірім қызы сағат 8:00-де үйден колледжге кетіп, оралмаған. Өз күшімен іздеу еш нәтиже бермеген. Қызды іздеу үшін барлық полиция қызметкері дабыл бойынша көтерілді. Сипаттамалары бар нұсқаулықтар дереу жіберіліп, жастар жиналатын барлық орын тексерілді. Бір жарым сағаттан кейін полицейлер жасөспірімді тапты, - делінген хабарламада.
Профилактикалық әңгімелесуден кейін жасөспірім ата-анасына оралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да 2 мыңнан аса киік мүйізі тәркіленді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы