Ұлытау облысының полицейлері балаларға жол ережесін үйретті
Ұлытау облысының тәртіп сақшылары балаларға жол ережесін үйретіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтан Ұлытау облысы ПД мектеп оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және қала көшелерінде қауіпсіз әрекет дағдыларын үйрету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Бала және бағдаршам” жобасын ұйымдастырды.
Жоба аясында мектеп оқушылары “Менің қаламдағы қауіпсіз жол қозғалысы” тақырыбында суреттер салып, бейнеролик әзірледі. Жезқазған қаласының №1 мектеп оқушылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашық сабақ өткізіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Жол ережесі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, конкурстар, әңгімелер, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолданып жатырмыз. Мұндай іс-шаралар балалардың жол ережесі туралы толық білуіне, әрдайым ережені сақтауға көмектеседі, – дейді Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.