Ұлытау облысының әкімі өңірде неге картоп өсіре алмай отырғанын айтты
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірде азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Логистикалық шығындардың жоғары болуына, ірі агроқұрылымдардың жоқтығына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бізде ең жоғары екені байқалады. Өңірімізде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізімі бар. Оның үшеуі ғана бізде өндіріледі: ұн, нан және ет. Қалған өнімнің бәрі сырттан жеткізіледі: тауықтың еті, жұмыртқасы, рожки, сүт, ірімшік, - деді Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Әбдіғалиұлы өнімдер өңірге жеткенде оның үстіне 10 пайыз қосылатынын айтады. Сөзінше, осыдан соң баға өседі.
Осыған байланысты қазір бізде арнайы агро жобалар басталып жатыр. Ендігі жылдың басында тауық етін өндіретін зауытқа қосуды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонда 30 пайыз өнім өндіреміз. Сондай-ақ тұрақтандыру қоры құрылған. Бұл қор барлық өңірде бар. Оның 1,6 млрд теңге қаражаты бар. Өкінішке қарай, картопты өзімізде өсіре алмай жатырмыз. Өйткені, бізде суармалы ауыл шаруашылығы жоқ. Биыл бірнеше жобаны бастадық. 2024 жылы жылы нәтижесін көреміз, - деді облыс басшысы.