Ұлытау облысындағы мектептерге арнайы 10 автобус алынды
Ұлытау облысындағы білім ошақтарына арнайы 10 автобус алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл өңірдегі мектептердің, елді мекендердің қажеттіліктері ескеріліп, арнайы комиссия отырысында сатып алынатын автобустар берілетін білім ұйымдары белгіленген болатын, ол үшін 10 мектеп автобусын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 462 млн теңге бөлінді.
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебі мен Жаңаарқа ауданының Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне автобустардың кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар 1 қыркүйекке дейін Қаражал қаласының №1,30 мектептеріне, Ұлытау ауданының №6, 1 тірек мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейіне, Сәтбаев қаласының оқушылар сарайына, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатқа, №3 «Білім-инновация» лицей-интернатына автобустар беріледі және кезең-кезеңмен қазіргі мектеп автопарктері жаңартылады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, білім ошақтарына автобустар сатып алу үшін келесі жылы да қаржы бөлінеді.