Ұлытау облысындағы балабақшалар бағаны негізсіз көтергені анықталды

Ұлытау облысы прокуратурасымен балабақшалардағы тамақтану сомасын көтеру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлармен 2023 жылы Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін белгілегені анықталды.

Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған, алайда олардың көтерме бағалары орта есеппен алғанда 10-20% арзан.

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы