28 Шілде 2023 2023, 01:18
Фото: polisia.kz
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза болды
27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.