24 Қараша 2026, 07:12 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлытау облысында жоғалып кеткен шопан аман-есен табылды

Шопан зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен шопанды іздеп тауып, үйіне жеткізді.

Оқиға Ескула-3 станциясының маңындағы Ақтұмақ қыстауында болған. Іздестіру барысында 1974 жылы туған ер адамның адасып, Лоқылдақ қыстауы маңында бағдарынан жаңылғаны анықталды.

Кейін ер адам байланысқа шыққан. Іздестіру тобы оны тауып, үйіне жеткізді. Шопан зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.