19 Қыркүйек 2026, 03:40
Фото: Скриншот
Ұлытау облысында жоғалған ер адам табылды
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ұлытау облысында құтқарушылар жолдан адасып кеткен 2003 жылы туған ер адамды тапты.
Ол таңертең Сәтбаев қаласынан Кеңгір ауылы бағытына қарай жаяу шығып, жолда бағытынан адасып кеткен. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастап, жақын маңдағы аумақты тексерді.
Нәтижесінде ер адам Кеңгір ауылынан 15 шақырым жерде, «Спутник» саяжай алқабы бағытындағы ашық аумақтан табылды.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.