Ұлытау облысында жоғалған 7 адам аман-есен табылды

Ұлытау облысында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен 7 адам аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа райына байланысты жолда адасып кеткен.

Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.

Жоғалған адамдар «Өлке» қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы