Ұлытау облысында зауыттағы өрттен ер адам құтқарылды
Ұлытау облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар мниистрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Сәтбаев қаласының Өнеркәсіптік аймағында нан зауытының жанында гаражда өрт шықты.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер гараждын есігін ашып, қою түтіннің арасынан ер адамды тапты. Содан кейін оны далаға шығарып, жасанды дем алдырды. Жану өнімдерімен уланған зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірілді, себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израильде көлік аялдамада тұрған отыздан астам адамды қағып өтті
Келесі жаңалық
Шымкентте "Халық заңгері" акциясы өтті
Өзгелердің жаңалығы